МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНЕ БІЛІМ ГРАНТЫ
Лапин мақтанышы,11 сынып оқушысы, "Өзін-өзі басқару " жобасы бойынша мектеп Президенті Бақыткүл Шаймұрат Бахытбекқызы білім грантының иегері атанды.
⚜️Шер Раиса Петровна бастаған республикалық “Әдістемелік десант” іс-сапарымен келген кезінде Мектеп Президенті үздік жобаларын қорғап, жұмысын таныстырған болатын.
⚜️ Бүгін білім ордасы дарынды жастарды қолдау мақсатында арнайы комиссияның қорытындысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің химия-биология мамандығы бойынша білім грантын табыстады.
Университет ректоры Beibitkul Karimovaға арнайы алғысымызды білдіреміз. Барлық білім саласының басшыларына үлкен рақмет.
РЕСПУБЛИКАДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНЕ БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛУІ.