Сонымен қатар, «Абайтану» вариативті курсы бойынша жаңа оқулықтар мектептерге жіберілді.

Жаңа оқу жылы әдеттегідей оқушылардың оқу құралдары мен оқулықтарын түгендеу мен бастау алатыны сөзсіз.

Мектеп оқушыларына мектеп оқулықтары таратылып, сынып жетекшілер тарапынан ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатылып, оқушылардың мектепке дайындығы туралы бақылау жұмыстары қолға алынды.

Оқулықтарын алуға оқушылармен бірге ата-аналарда келіп мектеп кітапханашылары оқулықтарды күтіп ұстау жөнінде кеңестер берді.

Оқулықтарды тарату бойынша белсенді жұмыс жасаған мектеп кітапханашыларына үлкен алғыс айтамыз. Жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар, еңбектеріңізге шабыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз.         

Оқуға құштар білімді ұрпағымыз мәңгілік болсын!