"Резина-арт техникасы арқылы сурет салу, тастармен безендіру"

Мектебіміздің білікті маманы , көркем еңбек пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Султангазина Малика "Резина-арт техникасы арқылы сурет салу, тастармен  безендіру" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

”Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

Өйткені мұғалім мектептің жүрегі” - деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді.

Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, жаңалыққа бір  табан жаны жақын, оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ете алатын болуы керек.

Сұлтанғазина Малика  апайымыз көркем еңбек пән бірлестігіне, өз жұмысының нәтижесін көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты ұйымдастырылған "Ұрпақтар сабақтастығы" кәсіби суретшілер мен шебер ұстаздардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫНА қатысып, каталогтағы үздік  жұмысы үшін Дипломмен марапатталды.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба бермек!