Бүгін С.Лапин атындағы №261 мектеп оқушылары таңды керемет көңіл-күймен бастады. Себебі қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің басшылығымен  Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай «Тапқырлық таныт та, тәттіден ауыз ти» шарасы  ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқушылардың тілге, Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыра отырып, таңғы керемет көңіл-күй сыйлау. Шара барысында оқушылар тіл туралы жасырылған мақал-мәтелдер мен сұрақтарға, шешендік сөздер мен жұмбақтарға жауап бере отырып, тәттілерге ие болды. Осылайша қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері оқушылардың таңғы көңіл-күйлерін көтеріп, қуанышқа бөледі.