ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
1 қазан - халықаралық қарттар күніне орай мектебімізде "Қарттарым – асыл қазынам" атты тәрбиелік шара өткізілді.
Қазыналы қарияларымыз тәрбиелік шараның төрінен орын алды. Шара қонақтары өздерінің өнегелі өмірлерінен өсиеттерін айтып, болашақтың жарқын болуы тәрбиелі де ізетті, білімді де білікті жас ұрпақтың қолында екенін жеткізді.
Тәрбиелік шараның ұйымдастырушылары жыр шумақтары мен әсем әндерін арнап, шара қонақтарына психологиялық сергіту жүргізілді.
Кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға тілекші бола білген қарттарымыз аман болсын. Данагөй ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз аман болып, ұрпағымен мың жасасын!
https://261mektep.edu.kz/kz/psikholog-kabineti/191-arttarym-asyl-azynam.html#sigFreeId5e569dbd81