“ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТЕН АРЫЛУ”

2024 жылдың 13 желтоқсан күні мектебімізде "Психоэмоциялық күйзелістен арылу " тақырыбында 6 сынып оқушыларына мектеп психологы Шалаева Жансая дәріс ұйымдастырды. Мақсаты: өзін-өзі тану арқылы эмоцияларды басқару, өзіне деген сенімділікті арттыру жолдары мен стресске қарсы тұру ,мақсаттарды дұрыс қою. Дәріс барысында оқушылар өз бойындағы , мінезіндегі байқалатын сезімдер мен әрекеттері туралы, арманына жету үшін тұжырымды мақсат қойып, оң көзқарас қалыптастыруды,достық, отбасымен қарым-қатынас жайлы ойларын ортаға бөлісті. Өзінің және досының бойында болатын стрессті байқау және оған көмек беру жолдарына кеңестер беріліп, стресске қарсы жаттығулар жасалды.