Бесінші сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері"

5-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға өтуі барысындағы бейімделу үдерісіндегі баланың дамуында, жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіну. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету мақсатына мектеп психологы Шалаева Жансая бесінші сынып ата-аналарына тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында бастауыш сыныпты аяқтап , жаңа сатыға ғана өту емес, жаңа кезеңге өту, орта жасөспірімдік кезеңге бейімделу және түсіну жолдары балаға қиындық қалдырмау үшін дұрыс бейімделуі маңызды екендігі,осы сәтте ата-аналар нені білу керек жайлы кеңес беріліп жаттығулар жасалды.