Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми ашылулардың ішінде адамзатты таңғалдырып, көп талқыланып жүрген жаңа сала. Адам интеллектісіне сәйкестендіріп құрылған машиналар көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда әлемде 3,5 мыңнан астам компания робототехника саласын дамытумен айналысып жатыр.

Робототехника бойынша түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда.

Информатика пәнінен Түркістан қаласында  өткен «Nat Robo Com-2022-CA Turkestan» Орталық Азия чемпионатында «Robo Arqan tartys» санаты бойынша мектебіміздің 

7 «В» сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Мұстафа жүлделі

І орын иегері атанды. Жетекшісі: Кенжеева Жадыра  болашағынан үміт күтер шәкірт алдағы болатын сайыстарда өзін көрсетіп, жетістіктерге жететініне сеніміміз мол.