Бүгінгі таңда оқушыларды еңбекке баулу, оларға көкөніс өсіру технологияларын үйрету мақсатында  мектептің биология пәні кафедрасының оқытушылары өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өткен жылы бұл жылыжайда  - шалғам ерекшеленсе, биылғы оқу жылының жаңалығы – құлпынай мен қауын – қарбыз. Оқушылар  көкөністің түрлерін күту дағдыларына, суару тәсілдеріне, түрлі минералдарға қатысты біліктілігін арттыруда. Одан бөлек жылыжайда қияр, салат жапырағы, аскөк, көк жуа, ақжелкен, шалғам секілді көкөніс өсіп тұр. Мектеп оқушылары мен ұстаздары  бұларды тамыз айының соңында еккен. Бүгінде жасалған жұмыстарды нәтиже беріп,алғашқы өз нәтижелерін көрсетуде.

Жалпы жылыжайға жылына екі рет көкөністер егіліп, өнімі жиналуда. Бірақ мұндағы мақсат – өнімнен пайда табу емес, оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, еңбекке баулу, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ету. Бұл оқушылардың мамандық таңдауына да әсер етеді. Экожүйе арқылы оқушылар табиғи, сапалы өнім алу үшін топырақтың құнарлылығын, су құрамын, табиғат бедерін зерттейді. Оны ғылыми жобаға айналдырып, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.