С.Лапин атындағы №261 орта мектеп оқушыларының жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстары.

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидасына және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 109 тармағына сәйкес, 2021 – 2022 оқу жылында «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен» бөлінген қаржы бойынша 2021 жылдың 31 тамыз күні мектепішілік бұйрығы шығарылып, әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан 440 білім алушыларға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ұйымдастырылып отыр.