С.Лапин атындағы № 261 орта мектепте 10 сәуір күні, ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 ж № 598 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету қағидаларының 109-112 тармақшалары негізінде, ыстық тамақтың берілуін бақылау мақсатында мониторингтік топтың кезекті тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта мектеп бойынша барлығы 1209 оқушы арнайы белгіленген кесте бойынша тамақтанып отыр. Оқушылардың тамақтануы оқу процесіне кедергі келтірмейді. Ата-аналардан ыстық тамақтың ұйымдастырылуы бойынша сауалнама алынды, сауалнама нәтижесі жүргізілген жұмыстарға оң нәтиже көрсетті. Ұсыныс-пікірлер назарға алынды.
https://261mektep.edu.kz/kz/tama-tanu/121-tama-tanu-sapasyn-ba-alau.html#sigFreeId6491b9a35e