Мамандық таңдау – жауапкершілікті әрі маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау да оңай емес. Өз ісіне сенімді, қабілетті, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

МАМАНДЫҚ:

▪️Кәсіп

▪️Сүйікті іс

▪️Шығармашылық

▪️Қызығушылық

▪️Еңбек көзі

 

📌Оқушының өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету мақсатында 10 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар joo.kz сайты арқылы төмендегі мәліметтермен таныстырылды:

▪️Ұлттық Біріңғай Тестілеуге онлайн дайындық. Әр оқушының алғашқы деңгейін, мақсатын және үйрену жылдамдығын ескере отырып әр оқушыға жеке дайындық бағдарламасы құрылады. Апталық сынама тесттер және ақылды қайталау жүйесі;

▪️Қанша баллмен, қандай мамандыққа мемлекеттік грант алу мүмкіндігіңізді көре аласыз. Сонымен қатар әртүрлі университеттердің ішкі гранттарын ұту мүмкіндігі;

▪️Жоғарғы оқу орындары жайлы толық ақпарат. Әр мамандық бойынша рейтингі, оқу ақысы, жатақханасы және т.б. артықшылықтар;

▪️Мамандықтар жайлы толық ақпарат алу.