«Бекітемін»

С. Лапин атындағы №261 орта мектеп директоры

____________Қ. Қ. Абдрахманова

С.Лапин  атындағы №261 орта мектеп кітапханасының

2022-2023 оқу жылына арналған  жылдық жоспар

2022-2023 оқу жылы

С. Лапин атындағы №261 орта мектеп кітапханасының

2022-2023 оқу жылына арналған  жылдық жоспар

  1. Кіріспе

Мектеп кітапханасының міндеттері мен ережесі.

Мектеп кітапханасы – мектептің құрамды бір бөлігі.Ол оқушылардың білім үйрену негіздеріне көмектеседі, бағыттайды. Оқу тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды.Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды.
Кітапханшы жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педогогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, творчествалық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана балалардың қоғамдық істеріне көмектесіп отырады. Сондықтан кітапхана мектептің қоғамдық ұйымдарымен тікелей байланыста болу керек.

Оқу жылындағы негізгі міндеттері:

  • Білім беру үрдісіне субъектілердің танымдық әрекетін белсендіруге ақпараттық көмек көрсету;
  • Карантиндік шектеу кезінде іс-шараларды онлайн тәртібінде өткізу;
  • НЗМ кітапханасының  іс –тәжірибесін еңгізу;
  • Білім сапасын арттыруға жағдай жасау;
  • Оқырмандарды кітапханаға тарту;
  • Оқырмандарға ақпартты, оның түрінен,форматынан, көзінен тәуелсіз пайдалануды ұсыну;
  • Мұғалімдер мен кітапхананың сабақ және сабақтан тыс уақыттағы біріккен жұмысын  ұйымдастыру;
  • Мәдени-оқушылардың эмоционалдық дамуына әсер ететін мәдени және әлеуметтік өзіндік сананы тәрбиелейтін шараларды ұйымдастыру;
  • Оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен бірігіп, мектеп ішілік жұмыстардың атқарылуына жәрдем жасау;
  • Оқырмандарға кітапты пайдалануының әртүрлі формаларын ұсыну;
  • Дәстүрлі және жаңа кіпатхананалық технологияларды меңгеріп, пайдалану;
  • Мектеп кітапханасын шынайы мәдениет ошағына айналдырып, күннің екінші бөлігінде кітапхана жұмыстарын одан әрі дамытып отыру;
  • жұмысының жаңа үлгілерін іздестіру;
  • Балалардың жан - жақты дамыуына ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының жаңа үлгілерін іздестіру;
  • Қаладағы балалар кітапханасымен тығыз байланыста болу;
  • Баспасөзге жазылуды ұйымдастыру;

Кітапхананың негізігі функциялары:

  • Білімділік – білім беру мақсаттарын қамтамасыз ету және қолдап отыру;
  • Құрамдық - кітапхана ақпараттарды жинау, толықтыру, өңдеу, жүйелеу және оны пайдаланушыларға жеткізу;
  • Ақпараттық – ақпаратты, оның түрінен,форматынан, көзінен тәуелсіз пайдалануды ұсыну;
  • Мәдениеттік – эмоционалдық дамуына әсер ететін мәдени және әлеуметтік  өзіндік сананы тәрбиелейтін шараларды ұйымдастыру;
  • Координаттық – кітапхана оқырмандарды қажетті материалдармен қамтамасыз ету үшін басқа оқу орындарымен, қаладағы барлық мектеп және    қалалық кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс жасау;
  • Әлеуметтік – кітапхана өзіндік білім көтеру қабілетін дамытуға және қазіргі заманғы ақпараттық қоғамға сай бейімделуге ықпал жасайды;
  • Ағартушылық – кітапхана оқырмандарды әлемдік және өзіміздің мәдени құндылықтарымызбен таныстырады;

ІІ .Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Оқырмандармен жұмыс:
    • Мәдени оқу сабақтары;
    • Ақпараттық және басқа әдебиеттерге шолу;
    • Ойындар, конкурстар, байқаулар, виктариналар, презентациялар,т.б.;
    • Кітаппен жұмыс жасаудағы жаңалықтар туралы баяндамалар;
  2. Мектепішілік іс-шараларға қатысу:
  • Барлық даталы күндерге байланысты іс-шаралар (Білім,мұғалімдер, қала күні, желтоқсан мерекесі, Жаңа жыл, «Наурыз»,Аналар мерекесі, кітап күні, Жеңіс күні, т.б), акциялар, наркоманиямен күрес күні және т.б.;
  1. Мұғалімдер мен ата-аналармен жұмыс:
  • Мұғалімдер кеңесінде сөйлеу;
  • Кітапханаға жаңадан келген әдеби, әдістемелік, ғылыми кітаптар мен журналдарға, оқулықтарға шолу жасап, хабардар ету;
  • Кітапхананың жұмысы және жоспары жайлы отчеттар
  • Берілген тақырыптар бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды іздеу;
  • Мұғалімдермен жеке жұмыс;
  • Пән мұғалімдеріне, оқырмандарға, ата-аналарға кітапханадан қажетті материалдарын алуға кеңес беру;

 

IІІКөркем әдебиеттер қорымен жұмыс

 

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1

Көркем әдебиеттің электрондық толықтыру

Үнемі

3

Жаңа түскен әдебиеттерді қабылдау,  мөр басу, тіркеу,  титулдық бетке шифр жазу, кітаптарға қалташалар және қайтару мерзімі парағын желімдеу

Үнемі

4

Сыйлыққа берілген әдеби кітаптарды қабылдау, мөр басу және  инвентарь  кітабына  тіркеу

Үнемі

5

Көркем әдебиет қорының сақталуын қадағалау: үнемі әдеби кітаптардың түгелдігін тексеру

Үнемі

6

Жаңа түскен әдебиеттерге кітап көрмесін ұйымдастырып насихаттап отыру

Үнемі

 

7

Кітапханадағы көркем әдеби қормен жұмыс:

ü  Қорды эстетикалық талғамға байланысты бөлу  ( сөрелерге бөлу, әріптік бөлу, балалар жазушыларының портреттерімен бөлу, индекс жазу)

ü  Көркем әдебиеттерді ББК байланысты орналастыру;

ü  Тозығы жеткен, жыртылған әдеби кітаптарды есептен шығару        ( акт толтыру)

ü  Оқырмандардың алған кітаптарын уақытылы өткізуін қадағалау

ü  Кітапхана активтерін қатыстыра отырып, жыртылған кітаптарды қалпына келтіру

ü  Кітапхана қорын талапқа сай, белгіленген жүйе бойынша сақтау

Үнемі

ІV. Анықтамалық – библиографиялық жұмыс

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1

Библиографиялық-анықтамалық  есеп дәптері

Үнемі

2

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында бастауыш және орта буын оқушыларына кеңес беріп отыру

Үнемі

3

Көркем әдебиетті мазмұнына қарай тақырыптарға бөлу:

ü  Мұғалімдерге әдістемелік көмек

ü  Анықтамалықтар

ü  Әлемдік классика

ü  Ұлы тұлғалар

ü   ҰБТ, олимпиада бұрышы

Үнемі

 

V. Ақпараттық жұмыс.

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1

Электрондық  кітапхана

 

Үнемі

2

Интернет желісінен қажетті мәліметтерді алу

Үнемі

3

Электронды оқулықтардың  қорын толықтыру

Үнемі

4

Электронды оқулықтарға каталог жасау

Үнемі

VІ. Оқырмандармен жұмыс

Әр оқырманмен жеке жұмыс:

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1

Абонементте оқырмандарға, оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға, техникалық қызметкерлерге қызмет көрсету

Үнемі

2

Оқырмандарды кітапханаға жазу (оқырман формулярын толтыру), оқырманмен кітапхананы пайдалану ережесі туралы әңгімелесу

ü  ашық кітап таңдауы жағдайында кітап сөресі жанында оқырмандармен әңгіме өткізу,кеңес беру;

ü  оқырмандардың ауызша талабы бойынша әдебиеттерді іріктеу;

ü  тапсырыс бойынша әдебиетті іріктеу

Үнемі

3

Оқырман формулярын талдау;анкета-интервью, арнайы сұрақтар қою арқылы жауап алу, бақылау, әңгімелесу жүргізу

Үнемі

4

Оқырмандар қайтарған кітаптарды қабылдау (оқырман формулярын табы, кітаптың қайтарылғандығы туралы белгі соғу, кітап беттерінің түгелдігін тексеру, формулярды басылымға салу).

Үнемі

5

Кітапты беру кезінде ұсыныс әңгімесін жүргізу

Үнемі

6

Оқыған кітабы туралы әңгімелесу

Үнемі

7

Жаңадан қорға түскен кітаптар, анықтамалықтар, журналдар туралы әңгіме өткізу

Үнемі

8

Оқу жылының аяғында «Үздік оқырман сынып»; «Үздік оқырман оқушы» номинациясын анықтау;

Мамыр

 

VІІ.Кітапханадағы оқулықтар қорымен  жұмыс:

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1

Оқулықтың айналымын тексеру.2022-2023 оқу жылында оқушылардың оқулық , мұғалімдердің оқу әдістемелерімен қамтылу  диагностикасын жасау. Мектептің оқу кезіндегі оқу -әдістемелікпен қамтылуы жайлы анықтама жазу.

Қырқүйек -қазан

2

Қалалық  білім бөлімінен бөлінген оқулықтарды дер кезінде алып, кітапхана есеп кітабына тіркеп, белгі соғып отыру

Үнемі

3

Оқушыларға оқулықты тарату. Оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың барлығын мүмкіндігіне қарай оқулықпен толық қамтамасыз ету. Оқулықтарды жинау.

Қыркүйек –мамыр

4

Оқулықтардың библиографиялық құрылымын құрастыру:

  • Жетілдірілген бибилиографиялық басылымдармен жұмыс;
  • Мектептегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мен  әдістемелік орталықтың жетекшілерімен бірлесе отырып жалпы мектепке қажетті оқулықтарға тапсырыс беру;
  • Бірлесе отырып дайындалған оқулыққа тапсырыс мектеп директорының бекітуімен әдіскерге тапсырылады;
  • Кітапханаға келген оқулықтарды қабылдау және техникалық өңдеуден өткізу:

А) оқулықты қабылдау;

Б) накладной толтыру;

В) инвентарлық кітапқа енгізу;

Г) мөр басу;

Д) картотека толтыру және электронды каталогқа енгізу;

Үнемі

5

Оқулық қорының сақталуын қадағалау (сыныптардағы оқулықтарды тексеру)

Үнемі

6

«Құрметтейік кітапты !»деген тақырыпта еркін әңгімелесу.

Қыркүйек-қазан

7

Оқулықтарды таза ұстауға сынып аралығында жарыстар өткізу

Үнемі

8

Жыртылған және оқу бағдарламасына жарамсыз оқулықтарды есептен шығару.

Желтоқсан

9

Жыртылған оқулықтарды «Кітапхана емханасынан» өткізу, түптеу.

Үнемі

10

Басқа мектеп кітапханаларымен үнемі байланыста болып, жоқ оқулықтарды уақытша  пайдалануға алу

Үнемі

11

Баспасөзге жазылуды  ұйымдастыру

Қазан

Сәуір

12

Жаңадан түскен газет-журналдарды тіркеу, тігу

Үнемі

13

Баспасөз көрмелері, газет-журналдарынан  қызықты материалдар жинақтау

Үнемі

 

VIII. Кітаптар мен әдебиеттерді насихаттау жөніндегі іс-шаралар

Мазмұны

Орындалу уақыты

Жауапты

Мақсаты

1

Қазақтың заңғар жазушысы – Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл

Ø  Кітап көрмесі

Қыркүйек

Кітапханашылар

Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі

 Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау. 

 Көркем сөйлеуге,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. 

2

«Бір ел –бір кітап-2022»   акциясы

-  «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»

-  «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»

-  «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»

Қыркүйек-желтоқсан

кітапханашылар

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

«Бір ел-бір кітап- 2022» акциясы

Ø  Ақпараттық сағат

Ø  Библиографиялық шолу. Презентация

ақпан

3

«Қазыналы Қызылорда!»- кітап көрмесі

жыл бойы

Кітапханашылар

Оқушыларды қала тарихымен кеңірек таныстыру

4

«Интернетсіз бір күн» 9-10 сынып аралығында  сынып сағаты

қараша

Кітапханашылар

Әлемдегі интернеттің пайдасы мен зиянын оқушыларға түсіндіру.

5

«Мерейтой иелері» кітап көрме

жыл бойы

Кітапханашылар

Ақын -жазушылардың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау. 

6

«Елі сүйген- елін сүйген ел басы»   атты кітап көрмесі,әдебиеттерге шолу

қараша

кітапханашылар

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері  туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп,балаларды Отанын, халқын,жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу

7

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан жаңғырығы»  таным сағатын өткізу

желтоқсан

Кітапханашылар

Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

8

«Readx» жобасы Практикалық жұмыс

Қазан

Желтоқсан

Ақпан

Сәуір

кітапханашылар, кітапхана белсендісі

Оқу арқылы оқушыларды талқылауға, ойын айтуға, өзінің сырымен байланыстыруға үйрету; Кейіпкерлердің іс- әрекеттеріне, оқиғалардың себеп салдарына баға беріп, өмірмен байланыстыруды ұйымдастыру; Кітап оқу арқылы біз нені түйгенімізді, қандай тәжірибе алғанымызды ортаға салып, сараптауды үйрену

9

Ғабит Мүсіреповтің туғанына  – 120жыл

Қантар

Кітапханашылар

Оқушыларға Ғабит Мүсірепов өмір жолдармен таныстыру.

10

Бастауыш сынып оқушылары үшін интерактивті оқуды ұйымдастыру. “FantazyKard” – өз ойларынан әңгіме немесе ертегі құрастыру. 

Қантар

Кітапханашылар

Оқушының логиқалық ойлау қаблеттерін арттыру,ой-өрісін дамыту,тілдерін ұстарту,көпшілік ортада еркін сөйлеу

11

«Өмірге шуақ төккен өлеңменен»

М.Мақатаев Поэзия кеші

ақпан

Кітапханашылар

Оқушыларға қазақтың біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, өлеңді мәнерлеп жатқа оқыту.

12

Sciku  арқылы ғылым мен поэзия

“BookPicture” – жасырылған сұрақтарға жауап беру

наурыз

Кітапханашылар

Оқушының логиқалық ойлау қаблеттерін арттыру,ой-өрісін дамыту,тілдерін ұстарту,көпшілік ортада еркін сөйлеу,шапшаңдыққа  баулу

13

2-сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай  «Кітап – тарих, шежіре!» іс-шара ұйымдастыру

Сәуір

Кітапханашылар

Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

14

«Кітап – сәуле, нұр берер шырағымыз, сарқылмайтын білім бұлағымыз »  көркем әдебиеттерге библиографиялық шолу

Сәуір

кітапханашылар, кітапхана белсендісі

Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

15

 Ерлік -елге мұра,ұрпаққа ұран . Тәрбие сағаты

мамыр

Кітапханашылар

Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға, батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

                                                                                      

IХ.Кітапхана белсендісімен жұмыс

  1. Кітапхана белсендісінің жұмыс жоспарын құру.
  2. Бұқаралық шараларға қатысу.
  3. Борышкерлермен жұмыс,  сыныптар бойынша рейдтер (оқулықтарды тексеру).
  4. Тазалық күндерін өткізу (ай сайын).
  5. Кітап жөндеуге көмек.
 

 Х. Материалдық база.

  1. Кітапхана жайын және мүлкін дер кезінде  жөндеу.
  2. Ай сайын тазалық күндерін өткізу.