Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес "1+1=5" тақырыбында тренинг өткізілді.
🔹 Тренинг мақсаты қарым-қатынас дағдысын дамытуға, педагогтардың бірін-бірі түсінуге, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған.
🔹Тренинг барысы:
📍Шеңбердегі достық
📍Ситуациялық сұрақтар
📍Шеңбердегі фигуралар
📍Пәндік сұрақтар
📍"Жасырын сурет" ойындарынан тұрды
🔸 Тренинг арқылы жас мамандардың арасындағы байланыс нығая түсті. Жас мамандар бір-біріне жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта жүйелі жұмыс жасауға шақырды.